Откройте для себя миллионы электронных книг, аудиокниг и многого другого в бесплатной пробной версии

Всего $11.99/в месяц после завершения пробного периода. Можно отменить в любое время.

Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Бірінші кітап. Жазғы демалыс: Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі, #1001

Электронная книга135 страниц1 час

Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Бірінші кітап. Жазғы демалыс: Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі, #1001

Рейтинг: 0 из 5 звезд

()

Читать отрывок

Об этой электронной книге

Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі – балаларға арналған кітаптардың бірегей топтамасы. Әрбір кітап ағалы- інілі Иван мен Денис есімді көңілді балалар мен олардың ерекше досы - сиқырлы мысық Котолаз туралы бірнеше жақсылық пен танымпаздыққа толы әңгімелерден тұрады.  

  Кейіпкерлер Ғаламның қалай құрылғаны туралы, табиғаттың заңдары мен қағидалары туралы әңгімелейді, салауатты өмір салтын насихаттайды, қазіргі заманғы және ежелгі өркениеттердің хикаяларын ашады. Кітаптарда балаларға түсінікті қарапайым тілмен адамның неге арналғаны туралы түсінік пен маңызы туралы түсіндіріледі. Сиқыршы мысық Котолаз «өмір деген не және ол не үшін берілген?», «біздің әрқайыссымыз мына өмірге неге келдік?», «өзіңді қалай жетілдіруге болады?» деген күрделі, бірақ маңызды сұрақтарға жауап береді.    

  Кейіпкерлерді көптеген қызықты хикаялар мен жарқын оқиғалар, ғажайып құпиялар күтіп тұр, оның шешімдерін тіпті кейбір ересектер де біле бермейді!

ЯзыкРусский
ИздательOleg Vitkovski
Дата выпуска7 мар. 2020 г.
ISBN9781393329800
Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Бірінші кітап. Жазғы демалыс: Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі, #1001

Читать больше произведений Олег Витковский

Связано с Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Бірінші кітап. Жазғы демалыс

Издания этой серии (3)

Показать больше

Похожие электронные книги

«Тело, разум и дух» для вас

Показать больше

Похожие статьи

Связанные категории

Отзывы о Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Бірінші кітап. Жазғы демалыс

Рейтинг: 0 из 5 звезд
0 оценок

0 оценок0 отзывов

Ваше мнение?

Нажмите, чтобы оценить

Отзыв должен содержать не менее 10 слов

    Предварительный просмотр книги

    Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Бірінші кітап. Жазғы демалыс - Олег Витковский

    Олег Витковский

    Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі

    Бірінші кітап: Жазғы демалыс

    ЖАҢА КІТАПТАРДЫҢ ШЫҒУЫН біздің әлеуметтік желілерден бақылап отырыңыздар:

    Instagram: instagram.com/magic.kotolaz

    Facebook: facebook.com/magic.kotolaz

    E-mail: magic.kotolaz@gmail.com

    * Кітап 8 жастан асқан балаларға ата-аналарымен бірге немесе 12 жастан асқан балаларға өздігінен оқуға ұсынылған.

    magickotolaz.com

    2019

    УДК: 821.161.1(476)-93-32

    ББК: 83.84(4Беи=411.2)-444

    Авторлық құқық белгісі: В54

    Витковский Олег

    Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Бірінші кітап: Жазғы демалыс / Олег Витковский, 2019. – 83 бет.

    Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі – балаларға арналған кітаптардың бірегей топтамасы. Әрбір кітап ағалы- інілі Иван мен Денис есімді көңілді балалар мен олардың ерекше досы - сиқырлы мысық Котолаз туралы бірнеше жақсылық пен танымпаздыққа толы әңгімелерден тұрады. 

    Кейіпкерлер Ғаламның қалай құрылғаны туралы, табиғаттың заңдары мен қағидалары туралы әңгімелейді, салауатты өмір салтын насихаттайды, қазіргі заманғы және ежелгі өркениеттердің хикаяларын ашады. Кітаптарда балаларға түсінікті қарапайым тілмен адамның неге арналғаны туралы түсінік пен маңызы туралы түсіндіріледі. Сиқыршы мысық Котолаз «өмір деген не және ол не үшін берілген?», «біздің әрқайыссымыз мына өмірге неге келдік?», «өзіңді қалай жетілдіруге болады?» деген күрделі, бірақ маңызды сұрақтарға жауап береді. 

    Кейіпкерлерді көптеген қызықты хикаялар мен жарқын оқиғалар, ғажайып құпиялар күтіп тұр, оның шешімдерін тіпті кейбір ересектер де біле бермейді!

    Суретші: Самойлова Лариса

    Аудармашы: Дамет Губайдуллина

    ISBN 978-601-06-6060-1

    УДК: 821.161.1(476)-93-32

    ББК: 83.84(4Беи=411.2)-444

    Мазмұны

    Алғысөз

    Танысу

    Сиқыршы Мур

    Жұмбақ жетілік

    Дене шынықтыру пәнінің мұртты мұғалімі

    Атланттар деген кімдер

    Сиқыршылар қалай ойлайды

    Бұғаттар - балалар ойыншығына арналған текшелер ғана емес

    Ырылдаған сөз

    Алғысөз

    Құрметті оқырман!

    Бұл кітаптар топтамасы автор және оның командасымен сен үшін орасан зор шын көңілден ұмтылыспен -  сенің кім екеніңді, не үшін өмір сүретініңді түсінуге көмектесу үшін жазылған. Бұл әңгімелерді оқығаннан кейін сен өмірге өзге көзқараспен қарайтын боласың. Сен оның шынайы келбетін көресің. Оның қалай құрылғанын ұғасың, Ғаламның көптеген заңдарын түсіне бастайсың және оларды өзіңнің жылдамырақ жетілуің үшін пайдалана аласың. Балаларға арналған бұл әңгімелерде біздің кейіпкерлер көптеген сиқырлы құпияларды ашады, жауаптарын тіпті ересектер де білмейтін күрделі жұмбақтарға орасан зор даналық кеңестер береді.

    Келіңдер, мына әлемді жақсы жағына қарай БІРГЕ өзгертейік!

    Алға! Сені біздің кейіпкерлеріміз күтуде!

    C:\Users\PC\AppData\Local\Temp\Начало каждого рассказа.jpeg

    БІРІНШІ ӘҢГІМЕ

    Танысу

    Ваня есімді бала төртінші сыныптың оқушысы болады. Болады деуіміздің себебі - ол жаңа ғана үшінші сыныпты бітірді, өзін ендігі төртінші сыныптың оқушысы деп санайды. «Сол да сөз болып па, – деп ойлады Ваня, – жазғы демалысты өткізу керек, сосын сен бір жасқа ересек боласың».

    Иван спортқұмар және епті бала болатын. Қарақоңыр, кейде дуда-дуда шаштары оның жасыл көздерімен керемет жарасымды. Оның бір өзінде кез келген мақсатқа жетудегі табандылық пен ұсақ-түйекке деген жеңіл балалық алаңғасарлық бір-бірімен үйлескен. Оның адалдығы кейде ата-анасын да қайран қалдырады. Егер бірнәрсеге жазықты болса, ол жазаланудан қорықпай, тентектік жасап қойса, үнемі өзі жасырмай айтады.

    Ваня адамдармен тез тіл табысады. Тіпті, жаңа таныстар Ваняға өздері үйір деуге болады. Егер ол бөтен балалар алаңқайына ойнауға келсе, бірнеше минуттардан кейін Иванның айналасында бұрын таныс болмаған бір топ бала жиналады. Олардың бәрі Ванямен бірге ойнауға ынталы және дайындық білдіреді. Ваняның көшбасшылық қасиеттері жақсы жетіліп келе жатыр, ол балалар арасында қандай да болсын істі бастаушы. Оған өзі де бірдеңе үйрене алатын жаңа достар, жаңа топ керек болатын.

    Оның інісі Дениска мүлдем өзгеше бала. Ол Ванядан үш жас кіші және әрине, бойы оның иығынан келеді. Алдағы күзде ол бірінші сыныпқа барады. Өзінің қолы-аяққа тұрмайтын ұшқалақтығына қарамастан, Денис балалардың бәріне бірдей оның жаңа достары болуға рұқсат етпейді. Оның сеніміне кіру мүлде оңай шаруа емес.

    Анасы Дениска туралы біздің үйде күлдіргіш актер өсіп келе жатыр дейді. Шынымен де, балдырған біреуді әжуалауды және күлкіге айналдыруды өте ұнатады, бірақ мұны байыптап жасайды және кімді көрсетпек болғанын қашан да түсінуге болады.

    Денис үйдің мысығына ұқсас, ол кез келген ыңғайлы жағдайда әкесі мен анасының қасына барып, егер олардың көңіл-күйлері жабырқаңқы болса, Мен сені жақсы көрем деген бір ауыз сөзбен бәрін де түзей алады. Ол тек сәбилерге ғана тән соншалықты шын көңілмен сөйлейді.

    Екі бала да танымпаздықпен ерекшеленеді. Әкесі көзіне түссе болды, оған ұлдарынан сұрақтар нөсерлеп жауады. Кейбір сұрақтары ересектерге тән болатыны соншалық, олардың әкесі таңғалады.

    Балалардың бойында жасырындық деген мүлдем болған емес. Олар бір-бірімен тату, тентектеу, бірақ бір-бірін жақсы көретін ағалы-інілілер. Олар қымсынбай бір-бірін теуіп қалуы немесе шапалақпен ұрып қалуы үйреншікті жайт, алайда бұл жайдарлық үшін жасалған әдейі қылықтар болып табылады.  Шын мәнінде, ешқайыссы ешқашан басқасын ауырта соғуға тырысқан емес.

    Ата-аналары Ваня мен Денисканы жазғы демалыстық соңғы айында, ауылға атасы мен әжесіне жіберуді ұйғарды. Бұл олардың тарапынан өте батыл шешім еді, өйткені балалар мұндай ұзаққа, ата-анасыз, өздері барулары бірінші рет.

    Олардың ата-әжесі мүлдем кәрі адамдар емес. Атасының сақалы жоқ, ал әжесі басына орамал тартпайды. Олар әбден  осы заманғы, ширақ және белсенді орта жастағы адамдар, өз балаларын және немерелерін шексіз жақсы көреді. Олар тіпті интернеттің не екенін де біледі, немерелеріне электрондық хат жазып, түрлі телефон қосымшалары арқылы қоңырау шалып жүреді.

    Бірақ, осының бәріне қоса олардың әжесі өзінің бақшасын және тоқуды жақсы көреді. Немерелерінде ол тоқыған киімдер өте көп. Атасы болса, бал араларының омарталарымен айналысады, сондықтан үйде үнемі балдың неше түрі толып тұрады. Олардың атасы туралы қолы қажетті жерден өскен деп айтады. Ол үшін жихаз жасау, машинаны оңдау оп-оңай нәрсе. Әне, әжесіне бақшада орасан зор жылыжай жасап берді. Бұл желге ұшып кететін қайдағы бір былқылдаған кішкене көшетхана

    Нравится краткая версия?
    Страница 1 из 1