Откройте для себя миллионы электронных книг, аудиокниг и многого другого в бесплатной пробной версии

Всего $11.99/в месяц после завершения пробного периода. Можно отменить в любое время.

Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Екінші кітап. Қаладағы қыс: Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі, #1002

Электронная книга133 страницы1 час

Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Екінші кітап. Қаладағы қыс: Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі, #1002

Рейтинг: 0 из 5 звезд

()

Читать отрывок

Об этой электронной книге

Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі – балаларға арналған кітаптардың бірегей топтамасы. Әрбір кітап ағалы- інілі Иван мен Денис есімді көңілді балалар мен олардың ерекше досы - сиқырлы мысық Котолаз туралы бірнеше жақсылық пен танымпаздыққа толы әңгімелерден тұрады.  

Кейіпкерлер Ғаламның қалай құрылғаны туралы, табиғаттың заңдары мен қағидалары туралы әңгімелейді, салауатты өмір салтын насихаттайды, қазіргі заманғы және ежелгі өркениеттердің хикаяларын ашады. Кітаптарда балаларға түсінікті қарапайым тілмен адамның неге арналғаны туралы түсінік пен маңызы туралы түсіндіріледі. Сиқыршы мысық Котолаз «өмір деген не және ол не үшін берілген?», «біздің әрқайыссымыз мына өмірге неге келдік?», «өзіңді қалай жетілдіруге болады?» деген күрделі, бірақ маңызды сұрақтарға жауап береді.    

Кейіпкерлерді көптеген қызықты хикаялар мен жарқын оқиғалар, ғажайып құпиялар күтіп тұр, оның шешімдерін тіпті кейбір ересектер де біле бермейді!

ЯзыкРусский
ИздательOleg Vitkovski
Дата выпуска7 мар. 2020 г.
ISBN9781393978671
Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Екінші кітап. Қаладағы қыс: Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі, #1002

Читать больше произведений Олег Витковский

Связано с Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Екінші кітап. Қаладағы қыс

Издания этой серии (3)

Показать больше

Похожие электронные книги

«Спорт и отдых» для вас

Показать больше

Похожие статьи

Отзывы о Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Екінші кітап. Қаладағы қыс

Рейтинг: 0 из 5 звезд
0 оценок

0 оценок0 отзывов

Ваше мнение?

Нажмите, чтобы оценить

Отзыв должен содержать не менее 10 слов

    Предварительный просмотр книги

    Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Екінші кітап. Қаладағы қыс - Олег Витковский

    Олег Витковский

    Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі

    Екінші кітап: Қаладағы қыс

    ЖАҢА КІТАПТАРДЫҢ ШЫҒУЫН біздің әлеуметтік желілерден бақылап отырыңыздар:

    instagram.com/magic.kotolaz

    facebook.com/magic.kotolaz

    magic.kotolaz@gmail.com

    *Кітап 8 жастан асқан балаларға ата-аналарымен бірге немесе 12 жастан асқан балаларға өздігінен оқуға ұсынылған.

    magickotolaz.com

    2019

    УДК: 821.161.1(476)-93-32

    ББК: 83.84(4Беи=411.2)-444

    Авторский знак: В54

    Витковский Олег

    Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Екінші кітап: Қаладағы қыс / Олег Витковский, 2019. – 81 с.

    Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі – балаларға арналған кітаптардың бірегей топтамасы. Әрбір кітап ағалы- інілі Иван мен Денис есімді көңілді балалар мен олардың ерекше досы - сиқырлы мысық Котолаз туралы бірнеше жақсылық пен танымпаздыққа толы әңгімелерден тұрады. 

    Кейіпкерлер Ғаламның қалай құрылғаны туралы, табиғаттың заңдары мен қағидалары туралы әңгімелейді, салауатты өмір салтын насихаттайды, қазіргі заманғы және ежелгі өркениеттердің хикаяларын ашады. Кітаптарда балаларға түсінікті қарапайым тілмен адамның неге арналғаны туралы түсінік пен маңызы туралы түсіндіріледі. Сиқыршы мысық Котолаз «өмір деген не және ол не үшін берілген?», «біздің әрқайыссымыз мына өмірге неге келдік?», «өзіңді қалай жетілдіруге болады?» деген күрделі, бірақ маңызды сұрақтарға жауап береді. 

    Кейіпкерлерді көптеген қызықты хикаялар мен жарқын оқиғалар, ғажайып құпиялар күтіп тұр, оның шешімдерін тіпті кейбір ересектер де біле бермейді!

    Суретші: Самойлова Лариса

    Аудармашы: Дамет Губайдуллина

    ISBN 978-601-06-6185-1

    УДК: 821.161.1(476)-93-32

    ББК: 83.84(4Беи=411.2)-444

    Мазмұны

    Алғысөз

    Алғашқы қар

    Супер Радар

    Үшінші көз

    Сүмбі ме әлде күмбез бе?

    Домино қағидасы

    Адамдар мен машиналар

    Ғарыштық серіктерді қалай жөндеуге болады?

    Жаңа жыл

    Предисловие

    Құрметті балалар!

    Иван мен Денис сіздерді асыға күтуде! Сіздердің қайта оралғандарыңды білгенде, олар қатты қуанатын болады! Бұл кітапта сиқырлы мысық Котолаздан көптеген пайдалы ақпарат, жаңа және қызықты жайттарды білетін боласыздар. Сонымен қатар, күлкілі оқиғаларға тап болатын біздің кейіпкерлерімізбен бірге күлкіні де қандырасыздар. Сіздер оларға Инстаграмнан @magic.kotolaz арқылы сәлем жолдай аласыздар немесе Ютюб-канал жазылып, олардың қызықты бейнежазбаларын тамашалауға болады. Балалар сіздердің хабарламаңызға қашан да қуанышты.

    Алға! Иван және Дениспен бірге шынайы Сиқыршылар болыңыздар!

    C:\Users\PC\AppData\Local\Temp\Начало каждого рассказа.jpeg

    Бірінші әңгіме

    Алғашқы қар

    Қашан да солай болады , жайқалған жап-жасыл жаздан және саңырауқұлаққа толы сары алтын күзден кейін, ерте ме, кеш пе, алғашқы қар жауатын кез келеді.  Бұл күн ғажайып оқиғамен тұс келді. Мысық таңертең атаның жарға ілінген жыртылмалы күнтізбесіне жақындап, «11 желтоқсан» деп жазылған кешегі күннің парағын жыртып алды. 

    Котолаз әртүрлі «бірдейліктерді», ойжұмбақтарды, табиғаттан түскен ойға салуларды және өмірдегі қарапайым сәйкестіктерді жақсы көретін. Алайда ішінен кездейсоқ сәйкестіктер болмайтынын түсінеді. Айналадығы оқиғаның бәрі өздігінен-өзі емес, бір себептермен болады. Күнтізбенің «12 желтоқсан» деген парағынан мысықтың күлкілі суретін және қарындашпен жазылған: «Қайырлы таң, Котолаз! Сені қалада вокзалдан күндіз сағат 12.00-де күтеміз. Ваня мен Дёня» - деген жазуды көргенде, өте қуанып кетті.

    A close up of a logo Description automatically generated

    Мысық күліп жіберді. Балалардың бұл қылығы оның көңілінен шықты. «Менің оқушыларым қандай тамаша. Күні бұрын осылай ойлап қойғандарын қарашы, 12-ші айдың 12-сі күні сағат 12-де жаңа кездесу ұйымдастыруды. Балалар тез үйренеді. Олар өздерін еске түсіріп, әртүрлі ерекше нәрселер жасайды», – деп ойлады Котолаз.

    Жолдың арғы бетінде тұратын өте мейірімді - мейірімді әжейден сәлемдеме - бір себет кептірілген алманы алып, темір жол станциясына бағыттады. Электрлік темір жол тамбурына сып етіп мінген мысық, еш қиындықсыз қалаға жетті. Жол алыс болмады.

    Балалар перронға келген кезде, Котолаз да келіп жетті. Балалар тамбурдың есігіндегі кішкентай терезеден сығалап тұрған мысықты байқап, шаттана айқайлап жіберді:

    – Котолаз келді! Ур-р-р-а!

    Қастарынан өтіп бара жатқан адамдар балалардың неге қуанып жатқандарын түсінбей, иықтарын көтерді. Оларға пойызбен өте маңызды қонақ келген боп тұр ғой. Егер әрлі-берлі өтушілер балалар осындай қуанышпен мысықты қарсылап тұрғанын білсе, таңдай қағып таңғалар еді. Электр пойызының есігі ашылған бойда, мысық Ваняның қолына секіріп түсті, сосын Денистің қолына секіріп, кептірілген алма себетін төңкеріп алуға шақ қалды. Содан соң былай деді:

    – Сендер де ойлап тапқыш екенсіңдер! Ал егер күнтізбе парағын мен емес, ата немесе әже жыртқан болса ше?  Онда мен бүгін сендерге келуім керектігін білмес едім, ал сендер мені қарсылай алмайтын едіңдер!

    – Котолаз, біз болашақ Сиқыршылармыз ғой. Күн сайын таң сәріде сен күнтізбе парағын жыртасың, біз оны нақты білеміз. Бізге сағат 12.00-ге дейін жету үшін уақытың жеткілікті. Біз алдын ала электр пойыздарының жүру кестесін тексеріп алғанбыз. Бәрі ойдағыдай болуы тиіс еді - солай болды да.  Ақыр аяғында, сен Жаңа жылға келуге уәде бердің, ал сиқырлы мысықтар сөздерін босқа шашпайды ғой, солай емес пе? – деп сұрады Ваня.

    – Жарайсың, Ваня! Сиқыршының сөзі  – оның қаруы, сондықтан Сиқыршы бостан-бос жан-жағына қару сермелемейді, – деп Ваняны мақтады мысық. – Сиқыршының сөзі – танктен де күштірек!

    – Котолаз, білесің бе, мен енді бірінші сыныпта оқимын! – деді бұл жаңалықты мысыққа хабарлауды көптен күтіп жүрген Денис.

    – Құттықтаймын, менің қымбатты досым! – деп сүйсіне әсер етті мұртты. – Ал, оқушы болған қалай екен?

    – Білесің бе, балабақшада оңайлау болып еді,– деп сағына жауап берді Денис, – ал мектепте партада отырып, мұғалімді тыңдау керек және үнемі бірдеңе оқу керек. Кейде отырғаннан гөрі, көбірек жүгіргім келеді.

    – Сен есейіп келесің, Денис, енді міндеттерің мен жауапкершіліктерің пайда болады. Есейген сайын – жауапкершілік те көбейеді, – деп түсіндірді мысық.

    – Ваня, Котолазға қаланы көрсетейік, – деп ұсынды Денис.

    Мысық пен балалар қалалық автобусқа отырды да, қозғалып кетті. Қайда бара жатқандары оларға маңызды

    Нравится краткая версия?
    Страница 1 из 1