Откройте для себя миллионы электронных книг, аудиокниг и многого другого в бесплатной пробной версии

Всего $11.99/в месяц после завершения пробного периода. Можно отменить в любое время.

Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Үшінші кітап. Күзгі оқиғалар: Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі, #1003
Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Үшінші кітап. Күзгі оқиғалар: Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі, #1003
Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Үшінші кітап. Күзгі оқиғалар: Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі, #1003
Электронная книга138 страниц1 час

Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Үшінші кітап. Күзгі оқиғалар: Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі, #1003

Рейтинг: 0 из 5 звезд

()

Читать отрывок

Об этой электронной книге

Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі – балаларға арналған кітаптардың бірегей топтамасы. Әрбір кітап ағалы- інілі Иван мен Денис есімді көңілді балалар мен олардың ерекше досы - сиқырлы мысық Котолаз туралы бірнеше жақсылық пен танымпаздыққа толы әңгімелерден тұрады.

Кейіпкерлер Ғаламның қалай құрылғаны туралы, табиғаттың заңдары мен қағидалары туралы әңгімелейді, салауатты өмір салтын насихаттайды, қазіргі заманғы және ежелгі өркениеттердің хикаяларын ашады. Кітаптарда балаларға түсінікті қарапайым тілмен адамның неге арналғаны туралы түсінік пен маңызы туралы түсіндіріледі. Сиқыршы мысық Котолаз «өмір деген не және ол не үшін берілген?», «біздің әрқайыссымыз мына өмірге неге келдік?», «өзіңді қалай жетілдіруге болады?» деген күрделі, бірақ маңызды сұрақтарға жауап береді.

Кейіпкерлерді көптеген қызықты хикаялар мен жарқын оқиғалар, ғажайып құпиялар күтіп тұр, оның шешімдерін тіпті кейбір ересектер де біле бермейді!

ЯзыкРусский
ИздательOleg Vitkovski
Дата выпуска7 мар. 2020 г.
ISBN9781393378556
Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Үшінші кітап. Күзгі оқиғалар: Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі, #1003

Читать больше произведений Олег Витковский

Связано с Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Үшінші кітап. Күзгі оқиғалар

Издания этой серии (3)

Показать больше

Похожие электронные книги

«Социальные науки» для вас

Показать больше

Похожие статьи

Отзывы о Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Үшінші кітап. Күзгі оқиғалар

Рейтинг: 0 из 5 звезд
0 оценок

0 оценок0 отзывов

Ваше мнение?

Нажмите, чтобы оценить

Отзыв должен содержать не менее 10 слов

    Предварительный просмотр книги

    Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Үшінші кітап. Күзгі оқиғалар - Олег Витковский

    A picture containing text Description automatically generated

    Олег Витковский

    Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі

    Үшінші кітап: Күзгі оқиғалар

    ЖАҢА КІТАПТАРДЫҢ ШЫҒУЫН біздің әлеуметтік желілерден бақылап отырыңыздар:

    instagram.com/magic.kotolaz

    facebook.com/magic.kotolaz

    magic.kotolaz@gmail.com

    * Кітап 8 жастан асқан балаларға ата-аналарымен бірге немесе 12 жастан асқан балаларға өздігінен оқуға ұсынылған

    magickotolaz.com

    2019

    УДК: 821.161.1(476)-93-32

    ББК: 83.84(4Беи=411.2)-444

    Авторский знак: В54

    Витковский Олег

    Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Үшінші кітап: Күзгі оқиғалар / Олег Витковский, 2019. – 85 с.

    Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі – балаларға арналған кітаптардың бірегей топтамасы. Әрбір кітап ағалы- інілі Иван мен Денис есімді көңілді балалар мен олардың ерекше досы - сиқырлы мысық Котолаз туралы бірнеше жақсылық пен танымпаздыққа толы әңгімелерден тұрады.

    Кейіпкерлер Ғаламның қалай құрылғаны туралы, табиғаттың заңдары мен қағидалары туралы әңгімелейді, салауатты өмір салтын насихаттайды, қазіргі заманғы және ежелгі өркениеттердің хикаяларын ашады. Кітаптарда балаларға түсінікті қарапайым тілмен адамның неге арналғаны туралы түсінік пен маңызы туралы түсіндіріледі. Сиқыршы мысық Котолаз «өмір деген не және ол не үшін берілген?», «біздің әрқайыссымыз мына өмірге неге келдік?», «өзіңді қалай жетілдіруге болады?» деген күрделі, бірақ маңызды сұрақтарға жауап береді.

    Кейіпкерлерді көптеген қызықты хикаялар мен жарқын оқиғалар, ғажайып құпиялар күтіп тұр, оның шешімдерін тіпті кейбір ересектер де біле бермейді!

    Суретші: Самойлова Лариса

    Аудармашы: Дамет Губайдуллина

    ISBN 978-601-06-6186-8

    УДК: 821.161.1(476)-93-32

    ББК: 83.84(4Беи=411.2)-444

    Мазмұны

    Ең үлкен ағза

    Сіңбірік толы папа

    Шахматтар мен жүйе

    Материализация

    Тыныштықты қалай естуге болады

    Кішкентай жеңіс

    Сарбаз қалай уәзір бола алады

    Ақ қарғалар

    C:\Users\PC\AppData\Local\Temp\Начало каждого рассказа.jpeg

    БІРІНШІ ӘҢГІМЕ

    Ең үлкен ағза

    Күз келді. Балалар мектепке барды. Денис бәрінен бұрын осыны асыға күтті. Әр күз сайын бір жылға есейетінін нақты білетін. Ол тезірек өсіп, Ваняны қуып жетіп, ағасы сияқты ересек болуды өте аңсады. Бірақ, неге екені белгісіз, Ваняны әлі қуып жете алмай келеді. Денис бар амалды жасап көрді, бірақ Иван үнемі одан үлкен болып қала берді. Бұл әділетсіздік інісінің жанына маза бермеді. Әдетте, балалар қашан да тезірек үлкен болсам, өссем екен деп асығады. Эх, ересек өмір өте тез келіп жетеді, сол кезде қайтадан бала күнгі уайымсыз өмірді сағынатындарын білсе ғой балалар. Бірақ, кішкентай Денис балалық - тамаша шақ екенін қайдан білсін? Өткен өмірлерінде ересек болғаны оның есінде жоқ қой. Өмір осылай құрылған.

    Ауа райы әлі де жылы болды, алайда ағаш жапырақтары түстерін өзгерте бастады. Ваня ағаштардың Муладхара, Свадхистана және Манипура түстері – қызыл, қызғылт сары және сары түстерге боялғанын байқады. Әрине, ол чакралардың түстері жоқ екенін білетін. Бірақ, оның «ұқсастықтар» іздегісі келгені соншалық, кейде бұл туралы ұмытып кетеді.

    Оның папасы орта қолды саңырауқұлақ жинаушы болатын, бірақ демалыста бәріне ауылға орманға баруды ұсынды. Бұл жерде тек бір ғана мәселе болды - папасы көзге түскен саңырауқұлақтардың бәрін тереді, ал мамасына соңынан саңырауқұлақтарды жеуге жарамды-жарамсыз деп іріктеуге тура келеді.  Әдетте, оның саңырауқұлақ толған себетінен тек 4-5 жақсы саңырауқұлақ қалады. Сонымен, біз ендігі білетіндей, папа саңырауқұлақтарды жинаудан гөрі, олар туралы айтуды жақсырақ біледі. Бұған қарамастан, отбасы түгелімен әкесін қолдады. Бәрі де күзгі орманға барғысы келді.

    Мотор өкіріп жіберді де, машина қаладан шыға бастады.  Балалар өздерінің философ-досы Котолазды сағынды. Онымен кездесуге керемет мүмкіндік болды! Мысық тағы да қызықты ғылымдар үйренген шығар, бұл білімін балалармен бөлісетіні шүбәсіз ғой.

    Жол бос болды, машина ата-әжесінің үйіне қас-қағымда жетті.

    A picture containing toy, doll, child Description automatically generated

    Олардың атасы қысқа дайындалып, омартаға арналған бір жақтаулармен әлектеніп жүрді. Ол үнемі аралар аязды кезде омартада өздерін жақсы сезініп, келесі көктемге дейін, жаңа гүлдер өсіп, жәндіктер жаңа балшырын жинау бастағанша жейтін тамақтары болуын қадағалайды. Ара ұялары көрші ауылдың жанындағы омарталарда болатын. Атасы омарталарды ол жерде ұстауының себебі, сол маңда дала гүлдері өскен кең шалғындар бар, аралардың балшырын жинап, өз үйлеріне әкелуі оңайырақ болады. Бірақ қыста атасы омарталарды үйге әкеліп, оларға жылы жағдай жасайды.

    Әжесі жаз бойы барлық туысқандары үшін кептірген жемістерді буып-түюмен айналысуда. Ол қант қосылған түрлі тосаптар дайындауды ұнатпайды, өйткені тәттінің балалар үшін зиянды екенін біледі. Оның орнына әжетай жемістерді күн көзіне жайып қояды, сол жерде жемістер құрғап, кебеді. Өте дәмді, хош иісті өнімдер шығады. Балалар мектепке барғанда түрлі зиянды тәттілерден гөрі, әжесінің кептірілген жемістерін апарғанды жақсы көреді, бұған ата-аналары да  қуанады.

    Атасы мен әжесі қыста өздерінің қаладағы үйлеріне кетеді, өйткені қалада көңілдірек. Суық түскенде ауыл ұйқыға кеткен күйге енеді. Қалада басқаша ғой. Қалада барлық жерде бәрі үнемі бір жаққа жүгіріп бара жатады, тоқталмайтын қозғалыс, қала ешқашан ұйықтамайды. Ал ауылдағы үйді қыста Толя ағай қарап қояды, ол үнемі ауылда тұрады. Енді Толя ағайдың көмекшісі бар - мысық Котолаз.

    Балалар мысықты көруге өте асықты, сондықтан ата-әжесімен әңгімесі ұзақ болмады. Балаларға әрдайым әжелердің сұрақтарына жауап беріп, олардың бетінен сүйгенінен гөрі, қатарластарымен немесе жануарлармен ойнау анағұрлым қызықты. Ваня мен Денис ата-аналарына саңырауқұлық теруге мұрттымен бірге баратынын, оларды күтпей-ақ қоюларын ескертіп кетті. Олар мысықты үйден таба алмайтындарын білді,  бәрінен бұрын, сарайдың төбесінде отырған шығар әлде орманда соқпақ жолмен серуендеп, аңдармен әңгімелесіп жүр.

    Сарайда мысық жоқ екен. Балалар баяу жүгіріспен орманға бағыттады, жолшыбай мысықтың атын атап айқайлады:

    – Котола-а-аз! Ко-о-то-о-ла-аз!

    Ешкім жауап бермеді.

    Балалар не істеу керектігін және мысықты қайдан іздейтіндерін шешу үшін үлкен емен ағашының тұсына тоқтады. Кенет Ваняның үстіне жоғарыдан бүршік түсті. Бала жоғары қарады, бірақ онда ешкім жоқ болды. Сосын бүршік Денистің үстіне түсті - тағы да ешкім көрінбеді. Ваняның мұрнына кішкентай емен жаңғағы тырс етіп тиді. Сол сәтте тап сондай жаңғақ Денистің маңдайына тырс ете қалды.

    Ваня ағаштағы тиіннің қуысына сүңгіп кеткен таныс құйрықты байқап қалды.

    – Сен бе, мұртты тентек – деді Ваня. – Денис, қарашы, мысық ана жерде!

    Мысық жайлап қуыстан басын шығарып еді, сол бойда оған Денистің лақтырған бүршігі

    Нравится краткая версия?
    Страница 1 из 1