Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Үшінші кітап. Күзгі оқиғалар: Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі, #1003
Автор Олег Витковский
()
Об этой электронной книге
Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі – балаларға арналған кітаптардың бірегей топтамасы. Әрбір кітап ағалы- інілі Иван мен Денис есімді көңілді балалар мен олардың ерекше досы - сиқырлы мысық Котолаз туралы бірнеше жақсылық пен танымпаздыққа толы әңгімелерден тұрады.
Кейіпкерлер Ғаламның қалай құрылғаны туралы, табиғаттың заңдары мен қағидалары туралы әңгімелейді, салауатты өмір салтын насихаттайды, қазіргі заманғы және ежелгі өркениеттердің хикаяларын ашады. Кітаптарда балаларға түсінікті қарапайым тілмен адамның неге арналғаны туралы түсінік пен маңызы туралы түсіндіріледі. Сиқыршы мысық Котолаз «өмір деген не және ол не үшін берілген?», «біздің әрқайыссымыз мына өмірге неге келдік?», «өзіңді қалай жетілдіруге болады?» деген күрделі, бірақ маңызды сұрақтарға жауап береді.
Кейіпкерлерді көптеген қызықты хикаялар мен жарқын оқиғалар, ғажайып құпиялар күтіп тұр, оның шешімдерін тіпті кейбір ересектер де біле бермейді!
Читать больше произведений Олег Витковский
Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі
Связано с Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Үшінші кітап. Күзгі оқиғалар
Издания этой серии (3)
Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Бірінші кітап. Жазғы демалыс: Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі, #1001 Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокМысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Екінші кітап. Қаладағы қыс: Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі, #1002 Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокМысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Үшінші кітап. Күзгі оқиғалар: Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі, #1003 Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценок
Похожие электронные книги
Школа магов кота Котолаза. Книга Третья. Осенние приключения.: Школа магов кота Котолаза, #1003 Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокШкола магов кота Котолаза Книга первая: Летние каникулы: Школа магов кота Котолаза, #1001 Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокМысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Екінші кітап. Қаладағы қыс: Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі, #1002 Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокМысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Бірінші кітап. Жазғы демалыс: Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі, #1001 Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокДневник Фокса Микки Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокШкола магов кота Котолаза. Книга вторая: Зима в городе: Школа магов кота Котолаза, #1002 Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокПро папу Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокПока, лосось! Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокМактавиш вырывается на волю Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокСчастье порой бьёт навылет Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокИстория человечества в зайцах Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокВ связке Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокЧерез границу Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокМамины сказки Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокВалькирия: Тот, кого я всегда жду Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокЛесной голосок. Рассказы Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокТузик и Мурзик Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокЛекарство от послушности Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокСчастье среди лаванды. О сбывшихся мечтах, пылких садовниках и баночках с женским восторгом Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокСтучитесь в личку Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокМама, давай почитаем Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокА также их родители Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокСерая Шейка Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокБольшая книга маминых сказок Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокСколько в мире Бабок Яг? Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокМир над пропастью: Russian Language Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокБолотница Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокКотовасия. Круговорот мечтаний Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценок
«Социальные науки» для вас
Иронические притчи (Parabole Ironique) Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокКак Мужчины Делают Из Женщин Ничтожества Или Почему Курица Не Птица, А Баба Не Человек Рейтинг: 5 из 5 звезд5/5Соционика. Наедине с другими Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокБогини: тайны женской божественной сущности Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокМифология: Бессмертные истории о богах и героях Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценок10 мифов об СССР Рейтинг: 5 из 5 звезд5/5Мертвое время Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокМиф о красоте: Стереотипы против женщин Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокВзломать всё: Как сильные мира сего используют уязвимости систем в своих интересах Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокОткровения (Апокалиптические) Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокРусская культура заговора: Конспирологические теории на постсоветском пространстве Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокСостояние лесов мира 2022 Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокМифозои: история и биология мифических животных Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокОриентализм Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценокИскушение Революцией. Русская верховная власть Рейтинг: 5 из 5 звезд5/5Власть: Автономное Существование В Обществе И Природной Среде Рейтинг: 0 из 5 звезд0 оценок
Отзывы о Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Үшінші кітап. Күзгі оқиғалар
0 оценок0 отзывов
Предварительный просмотр книги
Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Үшінші кітап. Күзгі оқиғалар - Олег Витковский
Олег Витковский
Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі
Үшінші кітап: Күзгі оқиғалар
ЖАҢА КІТАПТАРДЫҢ ШЫҒУЫН біздің әлеуметтік желілерден бақылап отырыңыздар:
instagram.com/magic.kotolaz
facebook.com/magic.kotolaz
magic.kotolaz@gmail.com
* Кітап 8 жастан асқан балаларға ата-аналарымен бірге немесе 12 жастан асқан балаларға өздігінен оқуға ұсынылған
magickotolaz.com
2019
УДК: 821.161.1(476)-93-32
ББК: 83.84(4Беи=411.2)-444
Авторский знак: В54
Витковский Олег
Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Үшінші кітап: Күзгі оқиғалар / Олег Витковский, 2019. – 85 с.
Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі – балаларға арналған кітаптардың бірегей топтамасы. Әрбір кітап ағалы- інілі Иван мен Денис есімді көңілді балалар мен олардың ерекше досы - сиқырлы мысық Котолаз туралы бірнеше жақсылық пен танымпаздыққа толы әңгімелерден тұрады.
Кейіпкерлер Ғаламның қалай құрылғаны туралы, табиғаттың заңдары мен қағидалары туралы әңгімелейді, салауатты өмір салтын насихаттайды, қазіргі заманғы және ежелгі өркениеттердің хикаяларын ашады. Кітаптарда балаларға түсінікті қарапайым тілмен адамның неге арналғаны туралы түсінік пен маңызы туралы түсіндіріледі. Сиқыршы мысық Котолаз «өмір деген не және ол не үшін берілген?», «біздің әрқайыссымыз мына өмірге неге келдік?», «өзіңді қалай жетілдіруге болады?» деген күрделі, бірақ маңызды сұрақтарға жауап береді.
Кейіпкерлерді көптеген қызықты хикаялар мен жарқын оқиғалар, ғажайып құпиялар күтіп тұр, оның шешімдерін тіпті кейбір ересектер де біле бермейді!
Суретші: Самойлова Лариса
Аудармашы: Дамет Губайдуллина
ISBN 978-601-06-6186-8
УДК: 821.161.1(476)-93-32
ББК: 83.84(4Беи=411.2)-444
Мазмұны
Ең үлкен ағза
Сіңбірік толы папа
Шахматтар мен жүйе
Материализация
Тыныштықты қалай естуге болады
Кішкентай жеңіс
Сарбаз қалай уәзір бола алады
Ақ қарғалар
C:\Users\PC\AppData\Local\Temp\Начало каждого рассказа.jpegБІРІНШІ ӘҢГІМЕ
Ең үлкен ағза
Күз келді. Балалар мектепке барды. Денис бәрінен бұрын осыны асыға күтті. Әр күз сайын бір жылға есейетінін нақты білетін. Ол тезірек өсіп, Ваняны қуып жетіп, ағасы сияқты ересек болуды өте аңсады. Бірақ, неге екені белгісіз, Ваняны әлі қуып жете алмай келеді. Денис бар амалды жасап көрді, бірақ Иван үнемі одан үлкен болып қала берді. Бұл әділетсіздік інісінің жанына маза бермеді. Әдетте, балалар қашан да тезірек үлкен болсам, өссем екен деп асығады. Эх, ересек өмір өте тез келіп жетеді, сол кезде қайтадан бала күнгі уайымсыз өмірді сағынатындарын білсе ғой балалар. Бірақ, кішкентай Денис балалық - тамаша шақ екенін қайдан білсін? Өткен өмірлерінде ересек болғаны оның есінде жоқ қой. Өмір осылай құрылған.
Ауа райы әлі де жылы болды, алайда ағаш жапырақтары түстерін өзгерте бастады. Ваня ағаштардың Муладхара, Свадхистана және Манипура түстері – қызыл, қызғылт сары және сары түстерге боялғанын байқады. Әрине, ол чакралардың түстері жоқ екенін білетін. Бірақ, оның «ұқсастықтар» іздегісі келгені соншалық, кейде бұл туралы ұмытып кетеді.
Оның папасы орта қолды саңырауқұлақ жинаушы болатын, бірақ демалыста бәріне ауылға орманға баруды ұсынды. Бұл жерде тек бір ғана мәселе болды - папасы көзге түскен саңырауқұлақтардың бәрін тереді, ал мамасына соңынан саңырауқұлақтарды жеуге жарамды-жарамсыз деп іріктеуге тура келеді. Әдетте, оның саңырауқұлақ толған себетінен тек 4-5 жақсы саңырауқұлақ қалады. Сонымен, біз ендігі білетіндей, папа саңырауқұлақтарды жинаудан гөрі, олар туралы айтуды жақсырақ біледі. Бұған қарамастан, отбасы түгелімен әкесін қолдады. Бәрі де күзгі орманға барғысы келді.
Мотор өкіріп жіберді де, машина қаладан шыға бастады. Балалар өздерінің философ-досы Котолазды сағынды. Онымен кездесуге керемет мүмкіндік болды! Мысық тағы да қызықты ғылымдар үйренген шығар, бұл білімін балалармен бөлісетіні шүбәсіз ғой.
Жол бос болды, машина ата-әжесінің үйіне қас-қағымда жетті.
A picture containing toy, doll, child Description automatically generatedОлардың атасы қысқа дайындалып, омартаға арналған бір жақтаулармен әлектеніп жүрді. Ол үнемі аралар аязды кезде омартада өздерін жақсы сезініп, келесі көктемге дейін, жаңа гүлдер өсіп, жәндіктер жаңа балшырын жинау бастағанша жейтін тамақтары болуын қадағалайды. Ара ұялары көрші ауылдың жанындағы омарталарда болатын. Атасы омарталарды ол жерде ұстауының себебі, сол маңда дала гүлдері өскен кең шалғындар бар, аралардың балшырын жинап, өз үйлеріне әкелуі оңайырақ болады. Бірақ қыста атасы омарталарды үйге әкеліп, оларға жылы жағдай жасайды.
Әжесі жаз бойы барлық туысқандары үшін кептірген жемістерді буып-түюмен айналысуда. Ол қант қосылған түрлі тосаптар дайындауды ұнатпайды, өйткені тәттінің балалар үшін зиянды екенін біледі. Оның орнына әжетай жемістерді күн көзіне жайып қояды, сол жерде жемістер құрғап, кебеді. Өте дәмді, хош иісті өнімдер шығады. Балалар мектепке барғанда түрлі зиянды тәттілерден гөрі, әжесінің кептірілген жемістерін апарғанды жақсы көреді, бұған ата-аналары да қуанады.
Атасы мен әжесі қыста өздерінің қаладағы үйлеріне кетеді, өйткені қалада көңілдірек. Суық түскенде ауыл ұйқыға кеткен күйге енеді. Қалада басқаша ғой. Қалада барлық жерде бәрі үнемі бір жаққа жүгіріп бара жатады, тоқталмайтын қозғалыс, қала ешқашан ұйықтамайды. Ал ауылдағы үйді қыста Толя ағай қарап қояды, ол үнемі ауылда тұрады. Енді Толя ағайдың көмекшісі бар - мысық Котолаз.
Балалар мысықты көруге өте асықты, сондықтан ата-әжесімен әңгімесі ұзақ болмады. Балаларға әрдайым әжелердің сұрақтарына жауап беріп, олардың бетінен сүйгенінен гөрі, қатарластарымен немесе жануарлармен ойнау анағұрлым қызықты. Ваня мен Денис ата-аналарына саңырауқұлық теруге мұрттымен бірге баратынын, оларды күтпей-ақ қоюларын ескертіп кетті. Олар мысықты үйден таба алмайтындарын білді, бәрінен бұрын, сарайдың төбесінде отырған шығар әлде орманда соқпақ жолмен серуендеп, аңдармен әңгімелесіп жүр.
Сарайда мысық жоқ екен. Балалар баяу жүгіріспен орманға бағыттады, жолшыбай мысықтың атын атап айқайлады:
– Котола-а-аз! Ко-о-то-о-ла-аз!
Ешкім жауап бермеді.
Балалар не істеу керектігін және мысықты қайдан іздейтіндерін шешу үшін үлкен емен ағашының тұсына тоқтады. Кенет Ваняның үстіне жоғарыдан бүршік түсті. Бала жоғары қарады, бірақ онда ешкім жоқ болды. Сосын бүршік Денистің үстіне түсті - тағы да ешкім көрінбеді. Ваняның мұрнына кішкентай емен жаңғағы тырс етіп тиді. Сол сәтте тап сондай жаңғақ Денистің маңдайына тырс ете қалды.
Ваня ағаштағы тиіннің қуысына сүңгіп кеткен таныс құйрықты байқап қалды.
– Сен бе, мұртты тентек – деді Ваня. – Денис, қарашы, мысық ана жерде!
Мысық жайлап қуыстан басын шығарып еді, сол бойда оған Денистің лақтырған бүршігі